Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаев — 75 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасы №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Ғарышты бағындырған қазақ батыры” тақырыбында танымдық кеш өтті.
Мақсаты: Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаевтың өмірі мен еңбегін таныстыру, оның Қазақстан ғылымы мен ғарыш саласына қосқан үлесін насихаттау. Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке, ел мақтаныштарын құрметтеуге тәрбиелеу, ғылыми білімге ұмтылысын қалыптастыру.
