7 мамыр — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен №26 Жаңаталап орта мектебінің оқушылары және «Ақсуат» шекара бекетінің сарбаздарының қатысуымен «Ел ертеңі-бүгінгі жас ұландар» атты патриоттық сағат өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, патриотизм сезіміне тәрбиелеу.
