9 МАМЫР — ЖЕҢІС КҮНІ
Жуалы аудандық орталық кітапханасында кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Ұмытылмас ерлігің, құрбан болған ерлерім» атты патриоттық сағат өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерімен таныстырып, жас ұрпақты адамгершілікке, Отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімдерін ояту, батырлар ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.
