Ақын Жамбыл Жабаев — 180 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапханасында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Жанабаев, аудандық кітапхана директоры Қ.Асилбеков, аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет лейтенанты Д.Батыралы, ішкі саясат бөлімінің «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың қатысуымен «Ұлы дала ақыны — Жамбыл Жабаев» атты портрет кеші өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен қызметін таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.
