«Өрісті өлкенің — қарымды қаламгері»

🔰23 СӘУІР — ҰЛТТЫҚ КІТАП ЖӘНЕ КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ
🔰Жуалы аудандық орталық кітапханасы кітап апталығы аясында Қайрат ауылының тұрғыны, зейнеткер, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның құрметті азаматы, «Өмір жолы», «Өкінбеймін» кітаптарының авторы К.Құрмашев, Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Өрісті өлкенің — қарымды қаламгері» тақырыбында ақынмен кездесу ұйымдастырды.
🔰Мақсаты: Кітап пен кітапхананың қоғамдағы маңызын насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білім мен рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ кітапхананың қызметімен кеңінен таныстыру.