Жазушы, аудармашы Зейтін Ақышев — 115 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе кітапханасы №30 Көктөбе орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Ұлт рухының жыршысы» атты шығармаларына шолу өтті.
Мақсаты: Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы әрі аудармашы Зейтін Ақышевтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру. Сонымен қатар оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, туған ел әдебиетіне деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.
