Әнші, композитор Дәнеш Рақышев — 100 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Өнер саңлағы» атты өнер сағаты өтті.
Мақсаты: Қазақтың көрнекті әнші-композиторы Дәнеш Рақышев шығармашылығын насихаттау, оның өнердегі орнын оқушыларға таныстыру, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру. Сонымен қатар жас ұрпақты өнерді құрметтеуге, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, рухани-мәдени құндылықтарды бағалай білуге тәрбиелеу.
