1 мамыр — ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ
Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасы №6 А.Пушкин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Еліміз — достық пен татулықтың мекені» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы — еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту, Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін жете түсіндіру, мәңлілік бейбітшілікті, Отанды сүюге, достық, ұлтжандылық, ұлтаралық қарым қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.