«Тіл, мәдениет, дәстүр — өркениетті қоғамның негізі»

🇰🇿ЖОЛДАУ — 2025

🇰🇿Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Тіл, мәдениет, дәстүр — өркениетті қоғамның негізі» атты дөңгелек үстел өтті.

🇰🇿Мақсаты: Оқырмандарға ұлттық тілдің, мәдениет пен салт-дәстүрдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оларды сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, жастардың рухани-адамгершілік көзқарасын қалыптастырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мәдени мұраны келер ұрпаққа насихаттау арқылы өркениетті, біртұтас қоғам құру идеяларын талқылау.