«Тарих толқынындағы қазақ тағдыры»

📚 «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» республикалық акциясы – 2026 2026 жылы дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел болып көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтың терең мағыналы «Тағдыр» романы оқуға таңдалып алынды.

⚜️Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Тарих толқынындағы қазақ тағдыры» атты ақпарат сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау. Ұлт тарихы мен адам тағдырын арқау еткен бұл шығарма әрбір оқырманды терең ойға жетелейді.