«Балалар біздің болашағымыз»

🎈1 маусым — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

🎈Бала — адам өміріндегі ең үлкен бақыт. Бүгінгі бала — елдің ертеңі, болашағы, жалғасы. Тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары.

🎈Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы, Мыңбұлақ ауылдық мәдениет үйі және №13 А.Байтұрсынов орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Балалар біздің болашағымыз» атты сурет салу сағаты өтті.

🎈Мақсаты: Балалардың жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалану, түрлі бейнелеу құралдарын меңгере отырып сурет салуға және табиғат сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету. #ЖуалыОКЖ