«Мемлекеттік рәміздер — еліміздің нышаны»

🇰🇿4 маусым — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ

🇰🇿Мемлекеттік рәміздер — еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

🔰Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер — еліміздің нышаны» атты дөңгелек үстел өтті.

🔰Мақсаты: Оқырмандардың Мемлекеттік Рәміздерге деген құрмет сезімдерін арттыру, мақтан тұтуға, дәріптеуге баулу, танымдарын кеңейту Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу, ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.