4 маусым — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ
Мемлекеттік рәміздер — еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 2,3,4 сынып оқушыларының қатысуымен «Рәміздерім — мақтанышым» атты патриоттық сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандардың Мемлекеттік Рәміздерге деген құрмет сезімдерін арттыру, мақтан тұтуға, дәріптеуге баулу, танымдарын кеңейту Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу, ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.
