4 маусым – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ
Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебай ауылдық кітапханасында «Жауқазын» клуб мүшелерінің қатысуымен «Ту, Елтаңба, Әнұран» тақырыбында таным сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандардың Мемлекеттік Рәміздерге деген құрмет сезімдерін арттыру, мақтан тұтуға, дәріптеуге баулу, танымдарын кеңейту Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу, ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.