Ағартушы-педагог, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсарин — 185 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрметін және әлсіз көретін бөлімінің ұйымдастыруымен тұрақты оқырмандар Ж.Ташенов, А.Ташенов, С. Еламанов және Б.Жолдасбековтың қатысуымен “Даланың дара ұстазы” атты ақпарат сағаты өтті
Мақсаты: Көз жанарынан айырылған және әлсіз көретін азаматтардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, дауыстап оқу арқылы әдебиетке жақындату, тактильді сезіну қабілеттерін дамыту, қоғамдық ортаға бейімделуіне қолдау көрсету, рухани байлық пен өмірге деген сенімді нығайту.
