Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында Шапағат балабақшасының «Балдәурен» ересек тобы тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Ертегіден басталған тәрбие» атты ертегілер еліне саяхат шарасы өтті.
Мақсаты: балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ертегілер арқылы олардың ой-өрісін кеңейтіп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Саяхат барысында бүлдіршіндер сүйікті ертегі кейіпкерлерімен танысып, қызықты ойындар ойнап, танымдық тапсырмалар орындады. Балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.