6 ШІЛДЕ — АСТАНА КҮНІ
Астана — Ақордадан алаштың ақпаратын әлемге таратқан қасиетті мекен!
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Астанам — ардағым, Елордам — елдігім» дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Астана қаласының тарихы мен бүгінгі жетістіктері туралы түсінік қалыптастыру, елге деген сүйіспеншілікті арттыру, жастардың патриоттық тәрбиесін нығайту және елорданың тәуелсіз Қазақстанның символы ретіндегі рөлін насихаттау. #ЖуалыОКЖ
