6 ШІЛДЕ — АСТАНА КҮНІ
Астана — Ақордадан алаштың ақпаратын әлемге таратқан қасиетті мекен!
Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Арман қала Астана» атты таным сағаты өтті.
Мақсаты: Астана қаласының тарихы мен бүгінгі жетістіктері туралы түсінік қалыптастыру, елге деген сүйіспеншілікті арттыру, жастардың патриоттық тәрбиесін нығайту және елорданың тәуелсіз Қазақстанның символы ретіндегі рөлін насихаттау. #ЖуалыОКЖ
