Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жаңа Конституция — жаңа мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғам мен мемлекет өміріндегі маңызын түсіндіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы құқықтық білімдерін арттыру, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Конституцияның елдің тұрақты дамуы мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашудағы рөлін насихаттау.
#Жуалы ОКЖ
