![]()
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға арналған «Жазғы демалыс — кітаппен бірге» жобасы аясында “Жаз және кітап — тамаша достық” атты кітап әлеміне саяхат өткізді.
![]()
Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, оқырмандық мәдениетті қалыптастырып, білімге құштарлықты, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту және кітапханаға деген қызығушылықты ояту.