![]()
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасы балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға арналған «Жазғы демалыс — кітаппен бірге» жобасы аясында “Жазғы демалыс — кітаппен қызықты” атты ашық аспан астындағы оқу сағатын өтті.
![]()
Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, оқырмандық мәдениетті қалыптастырып, білімге құштарлықты, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту және кітапханаға деген қызығушылықты ояту.
