Қарасаз ауылдық мәдениет үйінде “Заң мен тәртіп: Қауіпсіз ауыл – ортақ жауапкершілік” тақырыбында конференция өтті.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және өзекті әлеуметтік мәселелердің алдын алу.
Конференция барысында аудан әкімінің орынбасары Ахметова Анар Садыққызы кіріспе сөз сөйлеп, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңыздылығына тоқталды.
Күн тәртібіне сәйкес аудандық отбасын қолдау орталығының директоры Калимбетова Жамиля Қожамұратқызы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері жөнінде баяндама жасады. Сонымен қатар аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Әлімбеков Мейірхан Жартыбайұлы жазғы маусымдағы өрт пен судағы қауіпсіздік талаптарын түсіндірсе, аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары Заппаров Ринат Бақытханұлы интернет алаяқтығы мен жасөспірімдердің цифрлық қауіпсіздігі жөнінде ақпарат берді.
Қарасаз ауылдық кітапханасы «Заң мен тәртіп — қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізі» атты кітап көрмесімен таныстырып, кітап оқуға шақырды.
Конференция соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан жан-жақты жауаптар алды.