«Жазғы демалыс — кітаппен бірге»

🦉📚Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға арналған «Жазғы демалыс — кітаппен бірге» жобасы аясында «Демалыста кітап оқимыз» атты кітап оқу сағаты өтті.

🦉📚Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, оқырмандық мәдениетті қалыптастырып, білімге құштарлықты, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту және кітапханаға деген қызығушылықты ояту.

#ЖуалыОКЖ