«Дәстүрдің дара жолы: кеше және бүгін»

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ҰЛЫҚТАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШ
Көлбастау ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «Берекелі ауыл – Ел мерейі» өнер фестивалі аясында «Дәстүрдің дара жолы: кеше және бүгін» атты рухани кеш өтті.
Шарада «Ұлттық дәстүр – ұлттың рухани қазынасы» кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Анаға тағзым – ұрпаққа тағылым» аналар мектебінің жұмысы таныстырылды.
Театрландырылған қойылым мен өнерпаздардың әндері көрерменге ерекше әсер сыйлады. Шараға Шымкент қалалық «Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр» орталығының мамандары қатысып, баяндама жасады.
Кештің ерекше сәті – көпбалалы аналарға «Күміс алқа» наградасын табыстау болды.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеген бұл шара ауыл тұрғындарына үлкен рухани азық берді.
Дәстүріміз мәңгі жасай берсін!