15 мамыр – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасында №24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі оқушылары, Шыңбұлақ ауылдық клубының жас маманы Б.Сәрсеқұлованың қатысуымен «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты кітап оқу сағаты өтті.
Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.