Абай – қазақ ұлтының төлқұжатына айналған тұлға. Руханиятымыз үшін айрықша оқиға тарихи дамудың қаншама асуларынан асып, қандай биікке көтерілсе де, Абай есімі, Абай сөзі, шығармашылығы әрдайым халықтың жүрегінде, көкірегіндегі иманы, санасындағы ожданы болып қалады.
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Абай — кемел ойдың кемеңгері» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Жыр сүйер жас ұрпақтың бойына ұлттық рух дамыту, ақынның өлең-поэмалары, қара сөздері арқылы оқырмандардың ой-өрісін дамытып, тəрбиелеу.