Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасының тұрақты оқырмандарының қатысуымен “Шебер қолдар” атты ақыл-кеңес сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық қолөнерді дәріптеу және шеберлікке баулу. Қолөнер бұйымдарын жасау арқылы ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, эстетикалық талғамға тәрбиелеу, тәжірибе алмасып, пайдалы ақыл-кеңестер беру.