Ақын Марфуға Айтхожина — 90 жаста
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында «Бала тілі — бал» мақсатты бағдарлама аясында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Аққу жүрек — Марфуға Айтқожина” атты көркемсөз оқу сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды қазақтың көрнекті ақыны Марфуға Айтхожинаның өмірі мен шығармашылық мұрасымен таныстыру, оның поэзиясының көркемдік ерекшелігін, ұлттық руханиятқа қосқан үлесін насихаттау. Ақын шығармалары арқылы туған жерге, елге, ана тіліне деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, жастардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру және кітап оқуға баулу.