Асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы-ол жастар! Жастар кез-келген мемлекеттің ең белсенді мүшесі, ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі.
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Белсенді жас- жарқын болашақ” тақырыбында кездесу өтті.
Мақсаты: Жастардың болашағы жарқын және ашық болатынына сенімділіктерін арттыру, Отанды сүюге, елжандылыққа, адамгершілікке, имандылыққа баулу, ұлттық салт-санасын дамыту.
