«Кітаптар әлеміне саяхат»

✨📚Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасы «Жазғы демалыс – кітаппен бірге» атты жобасы аясында №44 Бақалы бастауыш мектеп оқушыларының қатысуымен «Кітаптар әлеміне саяхат» атты библиошар өтті.

✨📚Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, оқырмандық мәдениетті қалыптастырып, білімге құштарлықты, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту және кітапханаға деген қызығушылықты ояту.