«Жазғы демалыс — кітаппен бірге»

✨📚Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға арналған «Жазғы демалыс — кітаппен бірге» жобасы аясында «Жаңа кітаптар әлемі» атты саяхат сағатын ұйымдастырды.

✨📚Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, оқырмандық мәдениетті қалыптастырып, білімге құштарлықты, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту және кітапханаға деген қызығушылықты ояту.

#ЖуалыОКЖ