“Құт қонған мекен -Билікөл”

🌿Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Берекелді ауыл – Ел мерейі» өнер фестивалі аясында Қарабастау ауылында “Құт қонған мекен -Билікөл” атты іс-шара өтті.
🌊✨Шара барысында Билікөл өңірінің табиғи ерекшелігі, тарихы мен ел тұрмысындағы алар орны кеңінен насихатталды. Туған жердің қадір-қасиетін дәріптеп, оның табиғи байлығы мен тарихи-мәдени мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізуге бағытталған тағылымды дүниелер ұсынылды. Қарабастау ауылдық кітапханасы «Табиғатты қорғайық» атты кітап көрмесіне шолу жасап, фотогаллереямен таныстырды.
🎶Мерекелік шарада ауыл өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, ұлттық өнерді ұлықтады. Елді мекеннің берекесі мен бірлігін айшықтаған мәдени бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
🌊Билікөл – табиғаты көркем, тарихы терең, құт пен береке қонған киелі мекен. Оның бай тарихы мен табиғи байлығын дәріптеу – туған жерге деген құрметтің жарқын көрінісі.