![]()
Ақын, сазгер Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл
![]()
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Дабылды жырдың дауылпазы” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
![]()
Мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстыру, оның қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесін насихаттау. Ақынның отансүйгіштік, ерлік, адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері арқылы оқырмандардың рухани дүниесін байыту, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз өнерін қадірлеуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
