“Балалық шақ — бақыт мекені”

✨📚Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасы балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға арналған «Жазғы демалыс — кітаппен бірге» жобасы аясында “Балалық шақ — бақыт мекені” тақырыбында сурет салу ұйымдастырды.

✨📚Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, оқырмандық мәдениетті қалыптастырып, білімге құштарлықты, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту және кітапханаға деген қызығушылықты ояту.

#ЖуалыОКЖ