«Өмірімнің өткелдерінде’

📚🎀«КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА!» акциясы
📚Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханаға кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, кітап мәртебесін көтеру, жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында Ертай аулының тумасы Серкебаев Байұзақ Қонарбекұлы кітапханаға «Өмірімнің өткелдерінде’ атты ғұмырнамалық сыр кітабынан 10 дана кітап сыйға тартты.
📎Өмір жолындағы көрген-білгенін, жүріп өткен белестерін, тағылымды сәттері мен жүрекжарды сырларын арқау еткен бұл кітап – оқырманға ой салар, өмірден сабақ алуға жетелейтін құнды дүние.
📎Кітапхана қорын толықтырып, оқырман қауымға рухани қазына тарту еткен Байұзақ Қонарбекұлына шынайы алғысымызды білдіреміз!
✏️Кітап – ұрпаққа қалдырған асыл мұра.
Кітап сыйлау – руханиятқа жасалған ізгі қадам