Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында «Топжарған» білім орталығына «Ақпараттық науқан және тіркеу» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жобаның мақсаты мен міндеттері, қатысу ережелері және бағыттарын таныстырып, марафонға қатысу тәртібі бойынша ақпарат берді.
