«Табиғатым — тал бесігім»

🔰Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында №44 Бақалы бастауыш мектебінің 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Табиғатым — тал бесігім» атты табиғат сағаты өтті.

🔰Мақсаты: Туған өлкенің табиғатын қорғауға, қоршаған ортаны аялауға және табиғи байлықтарды тиімді пайдалануға тәрбиелеу. Табиғаттың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға баулу.