Ақын Марфуға Айтхожина — 90 жаста
Жуалы ауданы Боралдай ауылы Көлтоған ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Қазақтың дара қызы» атты жыр кеші өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды қазақтың көрнекті ақыны Марфуға Айтхожинаның өмірі мен шығармашылық мұрасымен таныстыру, оның поэзиясының көркемдік ерекшелігін, ұлттық руханиятқа қосқан үлесін насихаттау. Ақын шығармалары арқылы туған жерге, елге, ана тіліне деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, жастардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру және кітап оқуға баулу.
