«Болашаққа басты қадам»

🇰🇿2026 ЖЫЛ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖЫЛЫ

🇰🇿Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында ауыл тұрғындарының қатысуымен «Болашаққа басты қадам» атты түсіндірме жұмыстары өтті.

🇰🇿Мақсаты: Ауыл шаруашылығын цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру және агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту мәселелері сөз болды. Жолдауда көтерілген міндеттерді іске асыру ел экономикасының дамуына және ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға зор мүмкіндік беретіні атап өтілді.

#ЖуалыОКЖ