«Арқаның аңызы, алаштың абызы»

📍Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2026 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
🖋️📚Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында жазушы Софы Сматаев — 85 жас толуына орай «Арқаның аңызы, алаштың абызы» атты әдеби-танымдық кеші өтті.
🖋️📚Іс шара барысында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің оқушылары және кітапхнаның тұрақты оқырмандары жазушы Софы Сматаевтың шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқып, «Жазушыны танып біл» атты әдеби викторинаға белсенді қатысты.
🖋️📚Кітапханашы Ғ.Тәжібаева «Қаламгер мұрасы — ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.Шараны аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Каниева Шарифат қорытындылап, қатысқан оқырмандараға алғысын білдіріп, марапаттады.
🖋️📚Мақсаты: Жазушы Софы Сматаевтың 85 жылдық мерейтойына орай өмірі мен шығармашылығын насихаттау, әдеби мұрасымен таныстыру, оқырмандардың жазушы шығармаларына деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.