21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
Мәдениет пен өнер-рухани өміріміздің мәйегі, адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениет-ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші-зиялы қауым.
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында кітапхана ардагері Н.Жанабаева, №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Кітапхана – мәдениет мәйегі» атты кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту, дамыту, насихаттау, өңірлердің мәдени мұрасын таныстыру, кітапхана ісіндегі инновациялық әдістерді қолдануда және оны жүйелі түрде жүргізуде белсенділік танытып, кітапхана имиджі мен қоғамдағы кітапхананың әлеуметтік мәртебесін арттыру.