25 қазан — Республика күні!

25 қазан — Республика күні!
Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – халқымыздың еркіндікке ұмтылған рухының, бірлік пен татулықтың, елдігіміздің мерейін асқақтататын ұлы мереке.
1990 жылы қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация — Қазақстанның тәуелсіз, демократиялық және өркендеуші мемлекет ретінде қалыптасуына жол ашқан тарихи шешім болды.
Бүгінде егемен еліміз әлемге танылған, бейбітшілік пен тұрақтылықтың символына айналған мемлекет.
Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, болашағы жарқын болсын!
Мереке құтты болсын!
 Республика күнімен!