«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы
«Оқуға құшатар жүректер» облыстық байқауының аудандық іріктеу кезеңі
«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармакшылық мұрасын насихаттау, балалар мен жасөспірімдерді ұлттық рухани құндылықтарға баулу және отансүйгіштік сезімін нығайту мақсатында балалар мен жасөспірімдер арасында қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері: Сапарғали Бегалин — 130 жыл, Өтебай Тұрманжанов — 120 жыл, Сансызбай Сарғасқаев – 100 жыл, Асқаржан Сәрсек – 75 жылдығына арналған «Оқуға құшатар жүректер» атты облыстық шығармашылық байқауының аудандық кезеңі Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Б.Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында өтті.
Байқау IV кезеңнен «Мен кітапхананың тұрақты оқырманымын» сайыскердің өзін-өзі таныстыру кезеңі; «Балалар әдебиетінің көрнекті ақыны мен жазушысы» ақынның өлеңін және жазушының прозасынан үзінді оқу кезеңі; «Портрет галереясы» портреттегі бейненің кім екенің табу кезеңі; «Әдеби бәйге» қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру кезеңінен тұрды. Байқауда қазылар алқасы бағалау кезінде үміткердің шығармаларын мәнерлеп оқу шеберлігіне, дикциясына, әртістік қабілетіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына назар аударды. Байқауға барлығы 21 үміткер қатысып, әділқазылар шешімімен Ақтөбе ауылдық кітапханасының оқырманы Адайбай Айзере Нұрәділқызы Бас жүлдеге ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Ал І орын Кәріқорған ауылдық кітапханасының оқырманы Чакова Кристина Александровнаға бұйырса, ІІ орын Нұрлыкент ауылдық кітапханасының оқырманы Сағындық Марлен Фархатұлы мен Б.Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының оқырманы Дәулетбай Имантай Әбілқасымұлы иеленді. ІІІ орын Б.Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының оқырманы Пернеқұл Әдемі Бауыржанқызы мен Қарабастау ауылдық кітапханасының оқырманы Жетпісбай Жансезім Ерболатқызына бұйырды. Байқаудың басқа қатысушылары Алғыс хаттармен марапатталды. Байқаудың барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталды.