Бүгін ақын, журналист, аудармашы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Парасат және Құрмет ордендерінің иегері Күләш АХМЕТОВАНЫҢ туған күні
Ақын өлеңдері – сезім мен тебіреніске толы. Оның жырлары кейінгі ұрпақты адалдық сияқты сезімдерге жетелеп, адамзатты сүюге бастайтын жол тәрізді. Оның әрбір өлеңі бір – бірімен үндесіп, ұштасып жатқан тұтас әлем.
«Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты болды. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері. Жамбыл облысының Құрметті азаматы. Өлеңдері орыс, украин және түркі халықтарының тілдеріне аударылған, мектеп оқулықтарына енген. Тәуелсіздіктің он жылдығына, Астананың он жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері. Бірнеше медальдармен марапатталған.
Шығармалары: Ақ гүлім менің. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Сен менің бақытымсың. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Жапырақ – жаздың жүрегі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979; Мейірім. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981; Бұлақтағы жұлдыздар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982; Жасыл жағалау. Өлеңдер. А., «Жалын» , 1984; Ләйлектер қайтып келгенде. Орыс тілінде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Арғымақтар даласы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1987; Наурыз нұры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1991; Күн шыққанда күліп оян. «Ана тілі». 1996; Өкініш әні (орыс тілінде). Мәскеу, 1997; Бақ. «Атамұра», 2006; Құт. «Дәуір», 2006; Махаббат. «Дәуір», 2006.