Ұлы ақын, ағартушы-философ Абай Құнанбаев — 180 жыл
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында “Абай — дана, Абай — дара” мақсатты бағдарлама аясында “Ақжелкен” қызығушылық клуб мүшелерінің қатысуымен «Абай мұрасы — тәрбиенің қайнар көзі» атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу.
