Ұлы ақын, ағартушы-философ Абай Құнанбаев — 180 жыл
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында «Білімді ұрпақ» қызығушылық клуб мүшелерінің қатысуымен «Абай — дана, Абай — дара» атты поэзия сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу.
