Ұлы ақын, ағартушы-философ Абай Құнанбаев — 180 жыл
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Абай — кемел ойдың кемеңгері» тақырыбында пікір-сайыс өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу.
