Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев — 94 жыл
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау кітапханасында №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Адамзаттың ақыны» атты поэзия сағаты өтті.
Мақсаты: Қазақ поэзиясының хантәңірі атанған ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақындық талантын шәкірт бойына ұялату, ақын өлеңдері арқылы Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, отаншылдыққа тәрбиелеу.
