«Әдебиет әлеміндегі қос жұлдыз»

«БІР ЕЛ — БІР КІТАП» акциясы 2025 жыл

Тәкен Әлімқұлов — ақын, жазушы, әдебиет сыншысы.

Жұмекен Нәжімеденов — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Әдебиет әлеміндегі қос жұлдыз» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға көрнекті ақын Ж.Нәжімеденов және Т.Әлімқұловтың шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту.