«Әдебиеттің айбынды тұлғасы»

Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында №3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Әдебиеттің айбынды тұлғасы» атты көркемсөз оқу сағаты өтті.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Қадыр Мырза Әлі шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.